Доллар бағамы төмендеді
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,80 теңгеге төмендеп, 448,19 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 70,28 теңгеге (-0,63) түсіп, сауда көлемі 3,74 миллион юань болды.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,57 теңге (-0,10) деңгейінде белгіленді.
Еуро бағамын Ұлттық банк 487,67 теңге деп белгіледі. Ол көптен бері сатылмады.
Ақша айырбастау орындарында доллар 452-458 теңгеден, еуро 490-499 теңгеден, ресей рублі 5-5,6 теңгеден сатып алынып/сатылып жатыр.
Ал әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.
WTI мұнайының мамырдағы фьючерстері 0,50%-ға төмендеп, барреліне 103,18 доллар болды.
Brent маркалы мұнайдың мамыр айындағы фьючерстері барреліне 0,72%-ға арзандап, 107,57 доллар болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript