Кешкі саудада еуро бірден 13 теңгеге қымбаттады
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 17:00-дегі жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 7,49 теңгеге қымбаттап, 432,90 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда көлемі 69,88 миллион доллар болды.
Еуроның орташа бағамы бірден 13,1 теңгеге өсіп, 460,01 теңгеге жетті. Сауда көлемі 5 миллион еуро.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы да 7,12 теңгеге (+0,1) көтерілді. Сауда көлемі 1,43 миллиард рубль болды.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы сәл көтеріліп, 64,45 теңгеге жетті (+1,90). Сауда көлемі 500 мың юань.
Ақша айырбастау орындарында доллар 433-438 теңге, еуро – 460-471,5 теңге, рубль 6,2-6,7 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript