Қазақстанға әкелінген көліктер құнын 53 миллион долларға дейін кемітіп көрсеткен – МКК
Бірқатар кәсіпкерлер немесе делдалдар кедендік құнын төмендетіп, бюджет кірісінің көлеміне тікелей әсер етуде. Биыл 1 164 көліктің құны 300-ден 3 000 АҚШ долларына дейін декларацияланбақ болған. Барлығы 2022 жылдың 1 жартыжылдығында көлік құралдарының құнын 53 миллион АҚШ долларына кемітіп көрсеткені анықталды, олардан 6,5 миллиард теңге қосымша кедендік баждар мен салықтар алынды ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті
Барлығы 2022 жылдың 1 жартыжылдығында көлік құралдарының құнын 53 миллион АҚШ долларына кемітіп көрсеткені анықталды, олардан 6,5 миллиард теңге қосымша кедендік баждар мен салықтар алынды.
Комитеттегілер бұл ретте бірнеше мысалдарды алға тартады.
Грузиядан әкелінген 2020 жылғы Toyota Camry. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар кедендік рәсімдеу кезінде 1 300-ден 17 500 АҚШ долларына дейінгі диапазондағы бағаны мәлімдеген, орташа мәлімделген баға 11 000 АҚШ долларын құрайды.
Грузиядағы автомобильдерді сату сайтында осыған ұқсас тәуір көліктер 20 000-нан 27 000 АҚШ долларына дейін бағаланады. Жарамсыз көліктердің құны - 12 000-18 000 доллар аралығында.
Сондай-ақ люкс көліктерінің құнын да төмендетуге тырысушылар бар: 2021 жылғы Mercedes Benz AMG G63 - $8 500, 2021 жылғы Toyota Land Cruiser 300 -$15 000, 2021 жылғы LEXUS RX 450H - $4 500дейңгейінде бағасын көрсеткен.
Құзырлы комитет, егер автокөлік иелері көліктерді сатып алғанын растайтын құжаттарды ұсынса, онда кедендік рәсімдеу декларацияда мәлімделген құн бойынша жүзеге асырылатынын еске салады.