Еуро айтарлықтай арзандады
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) кешкі сауданың (17:00-дегі жағдай бойынша) қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 3,90 теңгеге төмендеп, 475,65 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,91 теңгеге (+0,21) дейін көтерілді.
Керісінше, еуроның орташа бағамы 486,50 теңгеге (-4,50) дейін күрт төмендеді. Айта кетейік, еуромен сауда бірнеше күн бойы жүргізілмеді.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 70,20 теңге (-0,63) болды.
Ақша айырбастау пункттерінде доллар 474 – 478 теңге, еуро 484 – 490 теңге, рубль 7,3 – 7,7 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript