19 қыркүйектегі сауда-саттықта доллар қымбаттады

Доллар, теңге, еуро, рубль, юань, мұнай, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.09.2022 15:36 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,77 теңгеге көтеріліп, 477,54 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,92 теңгеге (+0,03) дейін көтерілді.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 67,96 теңге (-0,14) болды.

Еуроның орташа сараланған бағамы 477,30 теңге болды.

Ақша айырбастау орындарында доллар 477-480,5 теңгеге, еуро 476-481 теңгеге, рубль 7,35-7,65 теңгеге саудаланып жатыр.

Ал 19 қыркүйектегі сауда барысында әлемдік мұнай бағасы тағы көтерілді.

Brent маркалы мұнайдың қараша фьючерстерінің құны 0,57%-ға өсіп, барреліне 91,87 доллар болды.

WTI маркалы мұнайдың қазан айындағы фьючерстерінің бағасы барреліне 0,36%-ға өсіп, 85,42 долларға жетті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: