Ресейдің қор нарығында бағалар "құлап", құлдырау орын алды

Ресейлік компаниялардың акциялары, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.09.2022 19:16 Сурет: pexels
20 қыркүйекте сауда-саттық барысында Мәскеу биржасының индексі 10 пайызға төмендеуінен қор нарығы құлдырап, ресейлік компаниялардың акциялары құнсызданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көгілдір фишкалар индексі 11пайыздан аса көлемде құнын жоғалтты. Құлдырау жағынан көшбастап тұрған қағаздар, негізінен, Яндекс, Новатек, Лукой компанияларына тиесілі.

Бұл жайт өз-өзін егемен деп жариялаған ЛХР мен ДХР, сондай-ақ Украинаның Херсон облысында референдум өткізілетіндігі туралы мәлімдемелерден кейін орын алды.

Сондай-ақ, РФ Мемлекеттік Думасы Қылмыстық кодекске "мобилизация", "әскери жағдай", "соғыс кезі", "қарулы қақтығыс" ұғымдарын енгізу туралы түзетулерді мақұлдады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: