Сауда-саттықта теңге нығая түсті

Доллар, теңге, рубль, юань, еуро, мұнай, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2022 16:11 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,28 теңгеге төмендеп, 468,75 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы да 7,79 теңгеге дейін (-0,14) түсті.

Қытай юанімен және еуромен сауда жүргізілген жоқ. Юань бағамын Ұлттық банк 66,08 теңге, еуроны 466,68 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 470-475 теңге, еуро 459-466 теңге, ресей рублі 7,3-7,6 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал 6 қазандағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.

Brent маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстері 0,2%-ға өсіп, барреліне 93,59 доллар болды.

Қараша айында жеткізілетін West Texas Intermediate (WTI) мұнайының фьючерстері 0,3%-ға өсіп, барреліне 87,98 долларға жетті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: