7 қазандағы cаудада доллар бағамы күрт көтерілді
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы бірден 3 теңгеге көтеріліп, 472,04 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,78 теңгеге (-0,01) түсті.
Қытай юанімен және еуромен сауда жүргізілген жоқ. Юань бағамын Ұлттық банк 65,9 теңге, еуроны 463,41 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар – 472-476 теңге, еуро – 459-464 теңге, ресей рублі – 7,15-7,45 теңгеден сатылып жатыр.
Ал 7 қазандағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр. Осылайша Brent маркалы мұнайдың желтоқсан фьючерстерінің құны 0,21% арзандап, барреліне 94,22 доллар болды.
Қараша айындағы WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы барреліне 0,21% арзандап, 88,24 доллар болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript