17 қазандағы саудада доллар арзандады

Доллар, еуро, юань, теңге, мұнай, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2022 16:11 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 3,78 теңгеге төмендеп, 472,92 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,54 теңге (+0,01) болды.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 65,56 теңге (-0,92) болды.

Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 463,92 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 475-479 теңге, еуро 460-465,5 теңге, ресей рублі 7,1-7,4 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал 17 қазандағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтерілді.

Brent маркалы мұнайдың желтоқсан фьючерстерінің құны 0,8%-ға өсіп, барреліне 92,36 доллар болды.

Қарашадағы WTI фьючерстері 0,71%-ға өсіп, барреліне 85,25 доллар болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: