Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің құрылымы өзгеріске ұшырайды

Қаулы жобасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2022 20:15 Сурет: Zakon.kz
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" 2019 жылғы 11 қарашадағы № 203 жарлыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Енді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыреті шегінде Қазақстан заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарайтын болады.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің құрылымы да өзгеріске ұшырайтын болады.

Реттік нөмірі 9-шы жол мынадай редакцияда жазылсын: "9. Департаменттің координаты (Астана қаласы)"; реттік нөмірі 19-шы жол мынадай редакцияда жазылсын: "19. Астана қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы", - делінген Жарлықта.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: