Инфляция, санкциялар: ХВҚ ҚР Ұлттық банкі қабылдаған шараларға баға берді
Ұлттық банктің мәліметінше, консультация 2022 жылғы 22 қыркүйек пен 5 қазан аралығында өткен.
Қазақстанның сыртқы резервтерінің ауқымды көлемі мен уақытында қабылданған шаралар сыртқы күйзелістерді, соның ішінде Украинадағы жағдайдың салдарын жұтуға ықпал етті. Халықаралық валюта қоры миссиясы айырбастау бағамының икемділігіне қатысты Ұлттық банктің ұстанымына оң баға берді. Инфляциялық таргеттеу режимін ұстануға кеңес беріледі. Ұлттық банк өз қызметіне тән емес міндеттерді орындаудан біртіндеп бас тартып, дербестігін нығайта түсуді қамтамасыз етуге тиіс.ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі
Халықаралық валюта қорының бағамдауынша, Орталық банктің цифрлық валютасын (CBDC) енгізу айтарлықтай артықшылықтарды қамтамасыз ете алады және әлеуетті тәуекелдерді тұрақты бағалауды талап етеді.
ХВҚ бағасы бойынша, банк секторы халықаралық санкциялардың салдарын табысты еңсерді.
Қаржылық реттеуді күшейтуге оң баға алды. Банктерде мол капитал бар екені, ал депозиттердің долларлануы төмендеп келе жатқаны аталды. Активтердің сапасына және қадағалау стресс-тесттеріне тұрақты шолулар енгізу тәуекелдерді басқарудың ұтымды тәжірибесі мен банктегі дағдарыс тәуекелін төмендету жолындағы маңызды қадам саналады.ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі
Экономикалық орнықтылықты қамтамасыз ет үшін ХВҚ мемлекетті басқаруды жетілдіруге, экономиканы әртараптандыруға және жеке сектордың рөлін арттыруға ерекше назар аударуды ұсынды.
2023 жылы күшіне енетін Бюджеттік қағида барынша сараланған және контрциклді салық-бюджет саясатын жүргізуге жәрдемдеседі. 2023 жылы жүйелі бюджеттік шоғырландыру инфляцияны тежеуге және қажетті әлеуметтік шығысты сақтаған кезде сыртқы буферлерді қолдауға ықпал етуге тиіс.ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі
2022 жылғы 12 желтоқсанда ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ғалымжан Пірматов үкіметтің кеңейтілген отырысында жыл соңына дейінгі инфляция болжамын жариялады.