Шаштараз бен сұлулық салон қызметі бір жылда 17% қымбаттаған
Өткен жылдың қараша айымен салыстырғанда шаштараздар мен сұлулық салондарының қызметтерінің қымбаттауы бірден 17 пайызға жетті.
Өңірлік тұрғыда сектордағы жыл сайынғы баға өсімі Батыс Қазақстан облысында 3,1%-дан Түркістан облысында 33,7%-ға дейін ауытқиды. Бағаның айтарлықтай өсуі Павлодар (32%-ға), Қарағанды (30,4%-ға) және Атырау (25,7%-ға) облыстарында да байқалды.
Атап айтқанда, бір жыл ішінде ерлердің шаш қиюының бағасы бірден 21,5%-ға қымбаттаса, әйелдер шаш үлгісі 16%-ға қымбаттады.
Маникюр мен педикюр жыл ішінде тиісінше 18,8% және 10,5% қымбаттады, эпиляция 8,6% қымбаттады.
Биыл қаңтар-қыркүйек айларында шаштараздар мен сұлулық салондары көрсеткен қызмет көлемі 24,5 млрд теңге болды. Бұл былтырғы сәйкес кезеңіен салыстырғанда құндық мәнде 10,3% артық. Ал ауылдық жерлерде сектордағы қызмет көрсету көлемі бір жылда 18,1% өсті, бірақ 1,5 млрд теңгеге ғана жетті. Бұл туралы Еnergyprom.kz жазды.
Биыл қараша айында шаштараздар мен сұлулық салондарының қызметтері айына 1,8% өсті. Бұл - кейінгі уақыттағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Биыл шаштараздар мен сұлулық салондарының қызметтеріне бағаның орташа айлық өсімі 1,4% болса, 2011-2021 жылдар аралығында ол небәрі 0,6%-ға жеткен.
Жыл басынан бері шаштараз және сұлулық салондарының қызметтеріне бағаның рекордтық өсімі байқалды – бірден 16,2%-ға.
Жаңа жылдық кештер мен басқа да мерекелер тойланатын желтоқсанда тағы бір антирекорд тіркеледі. Бұл да жылдық көрсеткіштерге теріс әсер етеді деп болжауға болады.