Қазақстанда қандай мамандарға сұраныс артып жатыр
2022 жылдың желтоқсанында Электрондық еңбек биржасында 106,1 мың бос жұмыс орны және 36,6 мың түйіндеме жарияланды. Алдыңғы аймен салыстырғанда сұраныс 16% өсіп, ал ұсыныс 27% төмендеді. Салалар бөлінісінде кадрларға деген қажеттілік ауыл шаруашылығында (13,3 мың бос жұмыс орны), басқа да қызмет түрлерінде (10,3 мың бос жұмыс орны) және де орта білім беру саласында (9,8 мың бос жұмыс орны) тіркелді.
"Көп өңірде бос жұмыс орындарының саны артты. Мысалы, бір айда Түркістан облысында бос жұмыс орындарының саны 15,3 мыңға дейін жетіп, 170%, ал Алматы облысында 10,6 мыңға дейін өсіп 105% болды. Бұл ретте бір айдағы барлық бос жұмыс орнының 44%-ы төрт өңірге (Түркістан, Алматы облыстары мен Астана, Алматы қалаларына) тиесілі", – деп хабарлады "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ Басқарушы директоры Александра Молчановская.
Желтоқсан айында елордадан басқа барлық өңірде ізденушілердің белсенділігінің төмендеуі байқалды. Мысалы, Алматы (-48%), Қарағанды (-7%), Шығыс Қазақстан (-45%) және Түркістан облыстарында (-45%) түйіндемелер саны азайды. Бұл ретте Түркістан облысы (3,3 мың) Алматы (3,4 мың) мен Астанада (5,7 мың) жарияланған түйіндемелер саны бойынша көш бастады.
"Желтоқсан айында білікті қызметкерлерге жоғары сұраныс байқалды, 55% немесе 58,7 мың бос жұмыс орнын ұсынушылар жұмыс іздеушілерден кәсіби біліктіліктің болуын талап етті. Алайда бұл көрсеткіш алдыңғы аймен салыстырғанда төмен. Алдыңғы айда қажеттілік 69% немесе 63,2 мың бос жұмыс орнына тең болған еді. Бұл ретте біліктілігі жоқ еңбекке сұраныстың 69% немесе 19,3 мыңға өсуі байқалды", – деді Александра Молчановская.
Түркістан (15,3 мың бос жұмыс орны және 3,3 мың түйіндеме), Алматы (10,6 мың бос жұмыс орны және 1,6 мың түйіндеме) және Қарағанды облыстары (7 мың бос жұмыс орны және 1,1 мың түйіндеме) мен Алматы қаласында (10,3 мың бос жұмыс орны және 3,4 мың түйіндеме) мамандардың тапшылығы байқалды.
Желтоқсан айында білікті қызметкерлер арасында жылжымайтын мүлік агенттері (2,9 мың бос жұмыс орны), әлеуметтік қызметкерлер (1,3 мың бос жұмыс орны), күзетшілер (1,2 мың бос жұмыс орны), санитарлар (1,2 мың бос жұмыс орны), аспаздар (1,1 мың бос жұмыс орны), сондай-ақ тәрбиешілер мен олардың көмекшілері – тиісінше 1,1 мың және 851 бос жұмыс орны жоғары сұранысқа ие болды. Іздеушілер арасында негізінен автокөлік жүргізушілері, сатушылар, бухгалтерлер және заңгерлер болды.
"Сұраныстың ұсыныстан жалпы басымдылығына қарамастан, желтоқсан айында вахтерлер (268 бос жұмыс орны және 561 түйіндеме), HR бизнес серіктестері (22 бос жұмыс орны және 153 түйіндеме) және дене шынықтыру мұғалімдері (106 бос жұмыс орны және 231 түйіндеме) айтарлықтай асып түсті", – деп бөлісті Александра Молчановская.
Өтініш берушілердің белсенділігі өңірлер бойынша гендерлік жағынан да әртүрлі болды. Мысалы, Батыс Қазақстан (69%), Атырау (65%), Ұлытау (62%) және Ақтөбе облыстарында (61%) ер адамдар өздерінің түйіндемелерін жиі орналастырса, ал қызмет көрсету саласы басым – Шымкент (59%), Астана (53%) қалалары, Абай (56%) және Алматы облыстарында (53%) әйелдердің басымдылығы тіркелді.
Орналастырылған түйіндемелердің үштен біріне жуығы 16 жастан 28 жасқа дейінгі жастарға (10,8 мың түйіндеме), 42% (15,5 мың түйіндеме) орта жастағы немесе (44 жасқа дейінгі) ізденушілерге тиесілі. Барлық түйіндемелердің тек 9%-ы (3,3 мың түйіндеме) зейнеткерлік жасқа дейінгі адамдардан болды.
Желтоқсанда ең көп жалақыны бас директорлар (~2,8 млн теңге), тауар жинақтаушылары (~2,4 млн теңге), терезе монтаж жасаушылар (~1,8 млн теңге) күткен. Ал жұмыс берушілер тарапынан жоғары жалақы өнеркәсіп саласындағы цех бастықтарына (~832 мың теңге), бас технологтарға (~700 мың теңге), техникалық сала басшыларына (~650 мың теңге) және өнеркәсіптік альпинистерге (~650 мың теңге) ұсынылды.