Қазақстан-Қытай шекарасы 21-23 қаңтар аралығында жабық болады

Кеден, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.01.2023 20:30 Сурет: gov.kz
ҚХР-да Көктем мерекесін атап өтуге байланысты 2023 жылдың 21-23 қаңтарында Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктері жұмыс істемейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлайды.


"Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткіу жүзеге асырылмайды. Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады". ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі

Осыған байланысты аталған комитет тасымалдаушылардан және барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлап алуды сұрайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: