Енді жалға берілген үйдің мүлік салығын иесі өзге база бойынша төлейтін болады
Сурет: freepik
Қазақстанда жалдауға берілген жылжымайтын мүлікке мүлік салығы салынады. Бұл норма 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 165-VII ҚҚР Заңымен Салық кодексіне қаржылық жалдауға берілген мүлікке салық салу бойынша енгізілген өзгерістерде қарастырылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті қаржыға жалдауға берілген мүлікке мүлік салығын салу мәселесі реттелгенін, атап айтқанда, жалға беруші қаржыға жалдауға (қаржылық лизингке емес) берілген мүлік бойынша мүлік салығын төлеуші деп танылатыны анықталғанын хабарлайды.
Мұндай мүлік бойынша салық базасы ҚЕХС немесе бухгалтерлік есепке сәйкес айқындалған дебиторлық берешектің (ұзақ мерзімді) орташа жылдық сомасы болып табылады.
Бұл норма 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript