15 ақпандағы саудада теңге күрт нығайды
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы бірден 3,48 теңгеге арзандап, 447,29 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 65,60 теңге (-0,64) болды.
Еуро мен рубль бойынша сауда болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк – 485,41 теңге, рубль бағамын – 6,11 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар – 447-451 теңге, еуро – 479-484 теңге, ресей рублі – 5,9-6,15 теңге аралығында сатылып жатыр.
15 ақпандағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеді.
ICE Futures бойынша Brent маркалы мұнайдың сәуірдегі фьючерстерінің құны 1,20%-ға арзандап, барреліне 84,55 доллар болды.
NYMEX электрондық саудасында наурыз айындағы WTI фьючерстері 1,34%-ға арзандап, барреліне 78 доллар болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript