Жаңалықтар тізбегі
0

11 қарашадағы саудада доллар күрт арзандады

Доллар, теңге, еуро, рубль, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2022 15:35 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы бірден 6,72 теңгеге төмендеп, 462,01 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,64 теңгеге дейін көтерілді.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 64,77 теңгеге (+0,20) дейін көтерілді.

Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 467,68 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 465-469 теңге, еуро 468-476 теңге, ресей рублі 7,2-7,4 теңге аралығында саудаланып жатыр.

11 қарашадағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтерілді.

Brent маркалы мұнайдың қаңтардағы фьючерстерінің құны 0,31%-ға өсіп, барреліне 93,96 доллар болды.

Желтоқсан айындағы WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы барреліне 0,51%-ға өсіп, 86,91 доллар болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: