14 қарашадағы саудада доллар тағы арзандады

Теңге, доллар, рубль, еуро, юань, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2022 16:11 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 2,21 теңгеге төмендеп, 459,74 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 65,13 теңге (+0,36) болды.

Еуро мен Ресей рублімен сауда болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 474,44 теңге, рубльді 7,67 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 464-468 ​​теңге, еуро 470-478 теңге, ресей рублі 7,2-7,4 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал 14 қарашадағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы тағы өсті.

Brent маркалы мұнайдың қаңтардағы фьючерстерінің құны 0,3%-ға өсіп, барреліне 96,30 доллар болды.

Желтоқсан айындағы WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы барреліне 89,19 долларға дейін 0,3%-ға көтерілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: