Қаржы мониторингі агенттігі Ресей астығын Қазақстан арқылы жалған экспорттағандар туралы айтты

Қаржы мониторингі агенттігі Ресей астығын Қазақстан арқылы импорттағандар туралы айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.02.2023 09:41 Сурет: primeminister.kz
Қазақстан арқылы үшінші елдерге одан әрі экспорттау мақсатында ресейлік астықтың сұр импортының сұлбасын ҚМА Павлодар облысы бойынша департаменті анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, ЖШС-нің бірі 2021-2022 жылдар аралығында Өзбекстан, Ауғанстан және Тәжікстанға 1 миллиард теңгеден астам сомаға 8,3 мың тонна ресейлік астықты экспорттаған.

Бұл ретте Қазақстан компаниясы жеңілдетілген экспорттық тарифті алу үшін отандық шаруашылықтардан Қазақстаннан шыққанын растайтын жалған шот-фактураларды пайдаланған.

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, бұл транзиттік тарифтен жалтарып, "KTZ Freight Transportation" ЖШС-ға 150 миллион теңгеге жуық шығын келтіруге себеп болды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: