Жаңалықтар тізбегі
0

2022 жылы дизель отыны 16% қымбаттаған

2022 жылы дизель отыны 16% қымбаттады, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2023 11:16 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
2023 жылдың қаңтарында Қазақстанда 494,1 мың тонна бензин өндірілген. Бұл былтырғы қаңтармен салыстырғанда 20,6% көп. Дизель отынының өндірісі 13% артып, 421,8 мың тонна болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік тұрғыда бензиннің басым бөлігі Шымкент қаласында өндірілді (ПҚО жұмыс істейді): 196,7 мың тонна, плюс жылына 14,6%.

Екінші қатарды Павлодар облысы (ПМХЗ) алды: 155,1 мың тонна. Үшінші орында Атырау облысы (141,7 мың тонна). Бұл туралы Energyprom.kz зерттеуінде жазылған.

Павлодар облысы дизель отынын өндіру бойынша көш бастап тұр: 149,1 мың тонна – бір жыл бұрынғыдан 11,1% артық. Тағы 148 мың тоннасы Шымкентте, 109,4 мың тоннасы Атырау облысында өндірілді.

Жалпы 2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында елімізде 5 миллион тонна бензин мен 5,4 миллион тонна дизель отыны өндірілді. Өндіріс өсімі тиісінше 3,1% және 8,3% болды.

2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар жергілікті нарықты бензинмен (ішкі нарықтағы сатылым плюс экспорт) толығымен дерлік қамтамасыз етті: бір жыл бұрынғы 99,97%-ға қарсы 99,1%.

Елімізге бір жыл бұрынғы 1,4 мың тонна бензиннің орнына 43,3 мың тонна бензин жеткізілді. Саладағы барлық заңнамалық шектеулерді ескере отырып, экспортқа тек 0,5% ресурс немесе 24,2 мың тонна бензин жіберілді, бұл бір жыл бұрынғыдан 76%-ға аз.

Ішкі нарықта бензин сатылымы 5 млн тонна болды. Бұл 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 5,7% артық.

Бұл ретте жергілікті компаниялар нарықты дизельдік отынмен бір жыл бұрынғы 93,7%-ға қарсы 96,8% қамтамасыз етті. Импорт сәйкесінше 3,2%-ға дейін төмендеді. Елімізге 177,7 мың тонна дизель отыны әкелінді, бұл 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 47,2% аз.

Ішкі сатылым өткен жылмен салыстырғанда 7% артып, 5,5 мың тонна болды.

Биыл қаңтар айының қорытындысы бойынша бензин аздап арзандады (жылына елеусіз 0,1%), ал дизель отыны айтарлықтай қымбаттады (бірден жылына 15,7%).

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: