Елімізде 175 кәсіпорын 10 мың жұмысшыға жалақы төлемеген
Сурет: Zakon.kz
Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 8 мыңға жуық жұмысшының құқығын қорғады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, биыл 1 наурыздағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 175 кәсіпорнында 10 мың жұмысшыға 1,7 млрд теңгеден астам сома жалақы бойынша берешегі барын анықтаған.
"Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 189 нұсқама беріліп, 24,6 млн теңгеден астам сома көлемінде айыппұл салынды", - делінген министрлік хабарламасында.
Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестесі мен мерзімін белгілеу нәтижесінде 7,9 мың жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға барлығы 1,3 млрд теңге төленді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript