Илон Маск банкротқа ұшыраған АҚШ-тағы ең ірі банкті сатып алуы мүмкін
![SVB, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2023 10:46](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-6d4a758c-78bc-42df-81cb-befeddabed94/800x450.webp)
Бұл туралы кәсіпкер Twitter-дегі парақшасында жазды.
"Мен бұл идеяны талқылауға дайынмын", — деп жауап берді Маск аталған банкті сатып алып, оны электрондыға айналдыруды ұсынған әлеуметтік желі қолданушыларының біріне.
Бүгін, 11 наурызда Калифорнияның цифрлық реттеуші агенттігі көлемі бойынша АҚШ-тағы 16-шы ірі банкі - SVB-ны банкрот деп жариялады. Несиелік ұйым стартаптарға икемделген.
SVB-ның банкроттығы 2008 жылғы дағдарыстан кейінгі қаржы саласындағы ең ірі оқиға ретінде бағаланады, ол - АҚШ тарихындағы Washington Mutual Bank-тен кейін банкроттыққа ұшыраған екінші ірі банк.
FDIC барлық сақтандырылған депозиттерді SVB-нің өзі Deposit Insurance National Bank of Santa Clara-дан ашқан жеке шотына аударды.
АҚШ Қаржы министрі Джанет Йеллен жұмада реттеуші органдармен кездесіп, SVB айналасындағы жағдайды реттей алатындықтарына сенім білдірді.
Аптаның басынан бастап АҚШ-тың басты индекстері 1% - дан 1,8% - ға дейін құлдырады.