Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлттық банк төрағасы инфляция бірте-бірте төмендеп жатқанын мәлімдеді

Ұлттық банк инфляция бірте-бірте төмендеп жатқанын мәлімдеді Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда инфляцияның айлық динамикасы 2022 жылғы наурыз айында ең жоғары мәнге жеткен соң, біртіндеп төмендеп жатыр. Бірақ ақпанда 1,3%-ға дейін аздап жеделдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов үкімет отырысында айтты. Осылайша айлық инфляция құбылмалы болып тұр және 5 жылда орташа жылдық мәннен асатын деңгейді құрап отыр. Жылдық мәнде ақпан айындағы инфляция 21,3%-ға жетті.

"Ұлттық Банк ақпан айында кезекті болжамды раундты аяқтады. Жаңа деректер мен сыртқы және ішкі факторларды ескере отырып, инфляция болжамы биыл 9-12%-ға дейін, 2024 жылы 6-8%-ға дейін қайта қаралды, 2025 жылы өзгеріссіз – 4-6% деңгейінде сақталды". Ғалымжан Пірматов

Оның сөзінше, геосаяси жағдайдың салдарынан және оның белгісіздігінен, сонымен бірге азық-түліктің әлемдік бағасының жоғары болуынан сыртқы проинфляциялық факторлар сақталып отыр.

"Инфляцияның ішкі тәуекелдері тұрақты ішкі сұранысқа, логистикалық жеткізу жолдарының қайта құрылуына және ынталандырушы фискалдық саясат пен жоғары инфляциялық болжамбарға байланысты. Уақыты жеткен реформаларды жүзеге асырған жағдайда реттелетін бағаның өсу ықтималдығы Ұлттық Банктің болжамында ескерілмегенін атап өтемін", - деді Ұлттық банк төрағасы.

Биыл 24 ақпанда Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 16,75% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады.

Төраға сонымен қатар 2023 жылғы бірінші жартыжылдықта базалық мөлшерлемені қазіргі мәнінде сақтау инфляцияны тұрақтандыруға ықпал етіп, оны орта мерзімді перспективада таргеттелетін деңгейге дейін біртіндеп төмендетуге көмектесетінін айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: