Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстаннан ақша қай елдерге жиі жіберіледі

Қазақстаннан ақша қай елдерге жиі жіберіледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.03.2023 12:31 Сурет: Zakon.kz
Қазақстанның Ұлттық банкі біздің елден ақша қай елдерге жиі жіберілетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жіберілген аударымдар бойынша алғашқы бестікке Грузия, Қырғызстан, Ресей, Түркия, Өзбекстан кірді.

Ал алынған трансферттер бойынша 5 елдің көш басында Оңтүстік Корея тұрды, одан кейін АҚШ, Өзбекстан, Қырғызстан, ең соңында Ресей рейтингті жапты.

Ұлттық банктің мәліметінше, 2022 жылы Халықаралық ақша аудару жүйелері (ХААЖ) арқылы жүзеге асырылған ақша аударымдарының жалпы көлемі - 1,8 трлн теңге. 2021 жылмен салыстырғанда операциялардың 32,7% өскені байқалады.

"Транзакциялардың негізгі үлесі, яғни 94,7%-ы - Қазақстан мен басқа елдер арасындағы трансшекаралық ақша аударымдары. 2022 жылға шетелге жіберілген және шетелден алынған ақша аударымдарының орташа сомасы шамамен бірдей: сәйкесінше 415 мың теңге және 413 мың теңге".ҚҰБ баспасөз қызметі

Бұл ретте Қазақстаннан шетелге жіберілген ақша аударымдары сомасы 2,4%-ға біршама өсе түскен тұста ХААЖ арқылы басқа елдерден алынған ақшалай аударымдардың көлемі айтарлықтай (2,4 есе) өскені байқалады.

"2022 жылы ХААЖ арқылы алынған ақша аударымдарының өсуі Ресейден (6,8 есеге), Қырғызстаннан (өсім 2,8 есеге) және АҚШ-тан (33% өсім) ақша аударымдары көлемінің ұлғаюымен байланысты болды.ҚҰБ баспасөз қызметі

Сонымен қатар 2022 жылы Қазақстанда ақша аударымдарының көлемі 34,6% өскені хабарланды. ХААЖ арқылы бір жергілікті ақша аударымының орташа сомасы 178,8 мың теңге болды. Бұл 2021 жылдың сәйкес көрсеткішінен 58,0% артық.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: