Қаржы пирамидасына Қазақстанның қай өңірінің тұрғындары жиі алданады
Сурет: Zakon.kz
Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Қаржы мониторингі агенттігі басшысы Өмірсерік Тәжмағанбетов қаржы пирамидасының басым бөлігі Алматыда анықталатынын, сондықтан қаржы алаяғы құрбанының саны көп екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Басқарма басшысының сөзінше, Алматы қаржы орталығы болып отыр.
"Халықтың басым бөлігі Алматыда тұрады. Осыған байланысты қаржы пирамидасының ең көп таралғаны осы өңірде. Біз ең көп қылмыстық істерді Алматыда тіркейміз. 2022 және 2023 жылдарды алсақ, бұл жерде 12 қаржы пирамидасын анықтадық. Тиісінше, бұл аймақта зардап шеккендердің саны өте көп: 20 мыңнан астам адам".Өмірсерік Тәжмағанбетов
Оның айтуынша, финпирамидалар мен құрбандар саны бойынша Астана мен Қарағанды облысы одан кейінгі орында.
"Бұлар да - жеті қаржы пирамидасы анықталған ірі аймақтар. Ақтөбе облысы - төрт қаржы пирамидасы, одан әрі кему ретімен - Шымкент, Қостанай облысы - үш қаржы пирамидасы. Қалған аймақтарда - екі немесе бір қаржы пирамидасы бар".Өмірсерік Тәжмағанбетов
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript