Жаңалықтар тізбегі
0

Заңсыз жолмен алынған активтерді қайтару туралы заң жобасы Сенатқа жіберілді

Заңсыз шығарылған активтерді қайтару туралы заң жобасы, ҚР Парламенті Мәжілісі, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.06.2023 16:57 Сурет: pixabay
Мәжіліс депутаттары заңсыз алынған мүлікті қайтару туралы заң жобасын қабылдады. Енді құжат Сенаттың қарауына жіберілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәжіліс депутаттары заң жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы "Заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі шаралар туралы" Жарлығын орындау үшін әзірленгенін атап өтті.

"Заң жобасының негізгі мақсаты заңсыз иемденілген және шығарылған активтерді іздеуге, пайда болуын растауға, қамтамасыз ету шараларын қолдануға, сақталуын қамтамасыз ету, басқару, өткізу және мемлекетке қайтару бойынша шаралар қабылдауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттеу болып саналады".ҚР Парламент Мәжілісі

Заң жобасының: заңсыз иемденілген және шығарылған активтерді мемлекетке қайтару, активтерді ерікті түрде қайтаруға ынталандыру, активтерді заңсыз иемденуге ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою арқылы қоғамдағы әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру секілді жағымды әлеуметтік-экономикалық тұстары бар.

Заң жобасын жұмыс тобының отырыстарында қарау барысында Парламент Мәжілісінің депутаттары бірқатар түзетулер енгізді.

Атап айтқанда:

  • Заңның қолданылу аясын нақтылауға, активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның құзыретіне, ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасауға, Комиссияның құрамы мен функцияларын қалыптастыру тәртібіне, тізілімді қалыптастыру тәртібіне, активтерді ашып көрсету туралы декларацияны және оған қоса берілетін мәліметтерді қарау кезінде Комиссияның құзыретіне, активтерді ерікті түрде қайтаруға, сондай-ақ ақпаратқа, қолданылатын шаралар құрамына мониторинг пен талдау жүргізуге қатысты редакциялық нақтылауға;
  • жазбаша сұрау салу бойынша микрокредит беру құпиясын алуға активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның өкілеттігін белгілеуге;
  • азаматтық тәркілеу негіздерінен қылмыстық жолмен пайда болған активтер мен қылмыстық әрекетке қатысы бар активтерді тәркілеуді алып тастауға;
  • "негізсіз байлық (пайда болуы түсініксіз активтер)" ұғымын нақтылауға;
  • "жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам" ұғымын нақтылауға;
  • "үстеме кіріс" ұғымын нақтылауға;
  • "әкімшілік-билік ресурстары" деген жаңа ұғымды енгізуге;
  • шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тіркелген заңды тұлғаларға және заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымдарға қатысты Заңның қолданылуын регламенттеуге;
  • Заң қолданылатын тұлғалардың белгілерінен кәсіпкерлік қызметті жүргізудің қолайлы бәсекелестіксіз жағдайларын қалыптастыруға және экономикалық ресурстарды нақты шоғырландыруға ықпал етуді алып тастауға байланысты және басқа да түзетулер енгізілді.

Бұдан басқа, заң жобасын жұмыс тобы шеңберінде талқылау кезінде заң жобасының бүкіл мәтіні бойынша құқықтық олқылықтарды болғызбау, заң жобасының нормаларын бір-біріне және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне сәйкес келтіру мақсатында редакциялық, нақтылау сипатындағы түзетулер енгізілді.

Парламент Мәжілісінің тұрақты комитеттері заң жобасы бойынша оң қорытындыларын берді.



Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: