Қазақстанда зейнетақының орташа мөлшері қанша болды

ҚР Еңбек министрлігі, жиынтық зейнетақының орташа мөлшері, зейнетақы, зейнеткер, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.06.2023 11:34 Сурет: Zakon.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы орташа зейнетақыны атады. 2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 743 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 трлн 374,1 млрд теңге қаржы зейнетақы төлеуге бөлінді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 421,9 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 952,2 млрд теңге.

2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша елімізде 2 млн 299 мың адам зейнеткер бар.

"2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 743 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 881 теңге, базалық зейнетақы – 37 862 теңге".ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 686 теңге болған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: