Қазақстан халқы тұрғын үй алуға және емделуге БЖЗҚ-дан 3,5 триллион теңгеден астам қаражат шешіп алған

БЖЗҚ, зейнетақы, тұрғын үй, ем, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2023 16:55 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстандықтар баспана сатып алуға және емделуге зейнетақы жинағының 3,5 триллион теңгесін шешіп алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 2021 жылғы қаңтардан бастап БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін зейнетақы жинақтарын пайдалануға 1 366 484 өтінішін орындаған.

"Отандастарымыздың уәкілетті оператор-банктерде ашылған арнайы шоттарына БЖЗҚ 3,2 трлн теңгеден астам қаржы аударды. БЖЗҚ емделуге жалпы сомасы 339,3 млрд теңге болатын 418 547 өтінішті орындады", –  делінген хабарламада.

Азаматтар БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге, емделуге немесе басқарушы компанияларға аударуға қолжетімді сома шегінде шексіз рет пайдалана алады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: