Елімізде мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы 1 шілдеден бастап көтеріледі

Елімізде мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы 1 шілдеден бастап көтеріледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2023 16:56 Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда 1 шілдеден бастап мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік жәрдемақы мөлшері ұлғаяды, деп хабарлайды Zakon.kz.

29 маусымда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов 1 шілдеден бастап бұл жәрдемақылар 14,5% өсетінін айтты.

"Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны - 532,3 мың адам", - деді Төлеген Оспанқұлов.

Комитет төрағасы 2022 жылы инфляцияға байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері екі есе өскенін еске салды. 1 қаңтардан бастап әлеуметтік төлемдер 5%, 1 сәуірден бастап тағы 4%, ал биылдың өзінде 8,5% ұлғайған.

Қазақстанда мүгедектік бойынша жәрдемақы өсетіні сәуір айында белгілі болды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: