Жаңалықтар тізбегі
0

Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы төлемақысының мөлшері бекітілді

ҮАААЖ, Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының құны, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.07.2023 16:07 Сурет: Zakon.kz
ҚР ИИДМ басшысы "Ақылы негізде "Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы" (ҮАААЖ) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының учаскесін пайдалану туралы" 2023 жылғы 4 шілдедегі бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, құжатта "Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы" учаскесі ақылы негізде пайдаланылатыны бекітілді.

Алматы қаласы мен Алматы облысы арқылы баламалы жолдар бойынша жүріп өтуге болады.

Ақылы жолдың бастапқы пункті – Алматы – Ұзынағаш автомобиль жолының 22+640 км, ақылы жолдың соңғы пункті – Алматы – Талғар автомобиль жолының 22+000 км.

Бір сағат ішінде жүріп өткен жолға қарамастан сапар құны:

  • жеңіл автомобильдер –  0,07 АЕК (241,5 теңге);
  • 16 жолаушы орнына дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері – 0,08 АЕК (276 теңге);
  • 32 жолаушы орнына дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері – 0,14 АЕК (483 теңге);
  • 32 жолаушы орнынан автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері – 0,16 АЕК (552 теңге);
  • жүк көтергіштігі 10 тоннадан жоғары 15 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері – 0,2 АЕК (690 теңге);
  • жүк көтергіштігі 15 тоннадан басталатын жүк автомобильдері, оның ішінде тіркемелері бар ершікті тартқыштар – 0,22 АЕК (759 теңге).

Сондай-ақ құжатта көрсетілген санаттағы көліктер үшін 1 ай және 1 жылға абонемент сатып алу қарастырылған.

Абонемент құны:

  • жеңіл автомобильдер: бір айға – 0,5 АЕК (1725 теңге), бір жылға – 5 АЕК (17 250 теңге);
  • 16 орындық автобустар мен жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері: бір айға – 0,6 АЕК (2070 теңге), бір жылға – 6 АЕК (20 700 теңге);
  • 32 орындық автобустар мен жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері: бір айға – 1 АЕК (3450 теңге), бір жылға – 10 АЕК (34 500 теңге)
  • 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері автопоездар: бір айға – 1,5 АЕК (5175 теңге), бір жылға – 15 АЕК (51 750 теңге)
  • жүк көтергіштігі 10 тоннадан жоғары 15 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері: бір айға – 2 АЕК (6900 теңге), бір жылға – 20 АЕК (69 000 теңге)
  • жүк көтергіштігі 15 тоннадан асатын жүк автомобильдері, оның ішінде тіркемелері бар ершікті тартқыштар: бір айға – 2,5 АЕК (8625 теңге), бір жылға – 25 АЕК (86 250 теңге).

Бұйрық 2023 жылғы 21 шілдеде күшіне енеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: