Жаңалықтар тізбегі
0

Қант тағы қымбаттай ма

Қант тағы қымбаттай ма , сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2023 12:56 Сурет: Zakon.kz
Премьер-министрдің орынбасары, Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин биыл күзде Қазақстанда қант бағасының айтарлықтай өсуі болмайтынына сендірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда министрінің айтуынша, биыл Қазақстанда қант айтарлықтай қымбаттамайды.

"Қант қымбаттайды деп ойламаймын. Бірақ тіпті егер қымбаттаса да, ол қазақстандық нарықпен байланысты емес. Бұл үкіметтің отандық зауыттарды қолдау туралы шешімімен де байланысты. Немесе бүгінде ресейлік нарықта бар процестер солай жалғасады".Серік Жұманғарин

Министр қант өндірушілерге берілетін субсидия көлемі ұлғайтылғанын қосты.

"Қазір біз субсидияны 25 теңгеден 40 теңгеге дейін арттырдық. Бұл - біз жасаған жалғыз нәрсе. Қант зауыттары жекеменшік, біз оларға ерекше қолдау көрсетпейміз. Оның үстіне қазір бізге Тараз қант зауыты мен Меркен қант зауытын сатып алған ресейлік "Доминант" компаниялар тобы келді".Серік Жұманғарин

Серік Жұманғариннің айтуынша, ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың жалпы көлемі 427,5 млрд теңге болды.

Былтыр Қазақстанда қант рекорд деңгейінде қымбаттады. 2022 жылдың басынан 2022 жылдың тамызына дейін бұл өнімнің бағасы 86,6% өсті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: