Жаңалықтар тізбегі
0

Депутат рейс кешіксе, билет құнының 10%-ын қайтарып алуға болатыны туралы айтты

Депутат рейс кешіксе, билет құнының 10%-ын қайтарып алуға болатыны туралы айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.08.2023 16:35 Сурет: parlam.kz
Мәжіліс депутаты Самат Мұсабаев көпшіліктің көкейінде жүрген отандық әуе компаниялардың сағаттап кешігу мәселесін жүйелі түрде көтеріп келеді.

Былтыр Мәжілісте "Көлік туралы" заң талқыланғанда оған "Тасымалдаушы тарап ұшақ, пойыз, автобус құралдарын кешіктірген әр сағатқа билет құнының 3% өтемақы ретінде қайтаруы тиіс" деген түзетуді Самат Мұсабаев пен Еділ Жаңбыршин ұсынған еді.

Депутаттың айтуынша, ұшақ, пойыз немесе автобус бір сағат кешіксе 3%, екі сағатқа 6% өтемақы қосыла береді. Тіпті бұлай жалғаса берсе жолаушы билет құнын толық қайтарып алуына да мүмкіндік бар.

"Бұл, әрине, тасымалдаушыларға ұнаған жоқ. Алайда халыққа мұндай түзету керек. Ел үнемі шағымданатын нәрсе болған соң айтқаннан қайтпадық. Ақыры мәжіліс заңға толықтыру енгізді, сенат мақұлдады, қаңтар айында президент қол қойды. Сүйтіп осы жылдың басынан бері бұл заң күшінде! – деді депутат Самат Мұсабаев.

Заңға тиісті түзетуді енгізіп, ұшақпен кешігіп ұшып, өзі тәжірибеден өткен депутат Самат Мұсабаев компанияның ресми сайтына кіріп, шағым қалдыру үш қадамдық жұмыс екенін айтады. Үш сағаттан астам уақыт үшін билет құнының 10% сомасын қайтарып алған депутат бәрін ретімен түсіндіріп берді.

"Біріншіден, компанияның ресми сайтына кіресіз. Сол жерге толық аты-жөніңізді, билет нөмірін, рейс нөмірі, ұшу уақыты қаншаға кешіккені және электрон поштаңызды жазасыз, яғни шағым қалдырасыз. Екіншіден, Тұтынушыларды қолдау бөлімінен жауап келеді. Онда "Сіздің шағымыңыз тіркелді" деген жауап болады және қосымша анкета жолданады. Осы анкетадағы сұрақтарға жауап бересіз. Аты-жөніңіз бен ақшаны қайтару үшін есепшот нөміріңізді жазасыз. "Өтінішіңіз бойынша талап еткен өтемақы сомасы сіздің шотыңызға жіберілді" деген хабарлама келеді. Осылайша мәжіліс қабылдаған заңның игілігін көресіз". Мәжіліс депутаты

Дегенмен Самат Мұсабаевтың пікірінше, бір рейспен 180 жолаушы ұшса, солардың арасынан компанияға шағым түсіріп, өтемақы талап ететіндер аз болады.

"Егер сол 180 адамның әрқайсы шағым жасап, кем дегенде 8 - 9 мың теңгеден өтемақы алса, сол күні кешіккен бір рейс үшін шамамен 1 440 000 теңгедей өтемақы төлеген болар еді... Әр рейс үшін бір жарым миллион төлеп отыру кімге ұнайды? Келесіде кешікпеуді үйренер еді", – дейді депутат.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: