Алматыда үйірмелер мен секцияларға 60 мыңға жуық бала тегін қатыса алады
Сурет: pexels
Damu bala бағдарламасы аясында 60 мың алматылық бала үйірмелер мен секцияларға тегін қатыса алады. Бұл туралы ұстаздардың тамыз кеңесінде Алматы әкімі Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, Damu bala бағдарламасына жергілікті бюджеттен 16,2 млрд теңге бөлінген.
"Жалпы қабылданған шаралардың арқасында 2025 жылдың соңына дейін тегін қосымша білім берумен қамту өсімі 25%-ға дейін ұлғаяды. Тегін үйірмелерге баратын балалар саны 60 мыңға жетеді", - деді Ерболат Досаев.
Бұған дейін ол 2026 жылдан бастап қаладағы мемлекеттік мектептер бір ауысымда оқытуға көшетінін айтқан еді.
Сонымен қатар тамыз кеңесінде Қазақстанның мектеп оқушылары жаңа оқу жылында 25 мамырға дейін оқитыны белгілі болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript