Жаңалықтар тізбегі
0

Тамыздың қорытындысы бойынша теңге бағамы 3% әлсіреді

Тамыздың қорытындысы бойынша теңге бағамы 3% әлсіреді, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2023 13:09 Сурет: Zakon.kz
Ұлттық банк тамыз айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 459,39 теңгеге дейін 3% әлсірегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 146 млн доллардан 158 млн АҚШ долларына дейін ұлғайды. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 3,5 млрд АҚШ доллары болды. Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін тамызда 770 млн АҚШ долларына валюта сатылды. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 22%-ын және күніне 35 млн АҚШ долларынан аспайтын мөлшерді құрады". Ұлттық банк

Ұлттық Банк Ұлттық қордың қаражатымен операция жүргізу кезінде нарықта бейтарап қағидатын сақтайды. Бұл шетел валютасын ұдайы және біркелкі сату дегенді білдіреді. Бұл тәжірибе Ұлттық қордағы операциялардың валюта нарығына әсерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.

"Ұлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін 30% деңгейінде ұстап тұру үшін тамызда биржалық сауда-саттықта шетел валютасын сатып алуды жалғастырды. Оның жалпы сомасы 240 млн АҚШ долларын немесе нарықтағы жалпы көлемнің шамамен 7%-ына тең. "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ (ҚДКҚ) активтерінің валюталық үлесін ұлғайту аясында Ұлттық Банк тамызда 93 млн АҚШ доллары мөлшерінде валюта сатып алды. Ұлттық Банк тамызда валюталық интервенциялар жүргізген жоқ. Тамызда квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімді міндетті түрде сатуына қатысты норма тоқтатылды. Өткен айда, аталған норма қолданылған кезеңде квазимемлекеттік сектор субъектілері валюталық түсімді шамамен 36 млн АҚШ долларына сатты". Ұлттық банк

Қыркүйекте Ұлттық қордан сатудың нақты көлемі Қаржы министрлігінің республикалық бюджетке трансферттер бөлуге арналған өтінімдеріне байланысты болады. Қаржы министрлігінің қолда бар болжамдық бағдарлары негізінде Ұлттық Банк қажетті трансферттер сомасы бойынша қыркүйекте Ұлттық қордан 1,1 млрд доллардан 1,2 млрд АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта сатуды алдын ала жоспарлап отыр.


"Ұлттық Банк транспаренттілік қағидаты аясында валюта нарығында жүргізілетін барлық операция туралы ақпаратты толықтай ашып көрсетеді. Қысқамерзімді перспективада теңгенің динамикасы нарыққа қатысушылардың күтулеріне, тоқсандық салық төлемдеріне, әлемдік нарықтардағы ахуалға және геосаяси жағдайдың өзгеруіне байланысты болады. Ұлттық Банк теңгерімсіздіктің жинақталуын болдырмайтын және алтын-валюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз ететін икемді бағам белгілеу режимін ұстануды жалғастырады", - делінген Ұлттық банк хабарламасында.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: