Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде ең төменгі жалақының көтерілуі 1,8 миллионға жуық азаматқа әсер етеді

Елімізде ең төменгі жалақының көтерілуі 1,8 миллионға жуық азаматқа әсер етеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2023 10:10 Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысының тапсырмасына сай 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы (бұдан әрі – ЕТЖ) мөлшері 70 мың теңгеден 85 мың теңгеге дейін артады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, барлық түрлі саладағы меншік нысанындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1,8 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскердің, оның ішінде 350 мыңға жуық бюджеттік қызметкердің ақшалай табысы ұлғаймақ.

Ең төменгі жалақы – қатардағы, біліктілігі жоқ жұмысшыға ақшалай төлемдерді анықтауға арналған ең төменгі еңбек стандарты. Бұл ретте жұмыскердің жалақысы оның біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, саны мен сапасына қарай қалыптасады.

"Айта кету керек, Қазақстанда ЕТЖ мөлшері 2022 жылдан бастап жыл сайын өсуде. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап 85 мың теңгеге дейінгі кезекті өсімді ескеретін болсақ, үш жыл ішінде ЕТЖ мөлшері 2 есе ұлғайтылмақ. Ең бірінші кезекте ЕТЖ-ның өсуі "жалақысы төмен" жұмыскерлерге әсер етеді. Екіншіден, жалақы деңгейін белгілеу кезінде ЕТЖ көрсеткішін пайдаланатын жұмыс берушілер, сондай-ақ разряд аралық біліктілік жүйесін ескере отырып, қызметкерлердің басқа санаттарының жалақысын қайта қарайтын болады. Осының нәтижесінде барлық салаларда түрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1,8 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскердің, оның ішінде 350 мыңға жуық бюджет қызметкерлерінің ақшалай табысы өседі", - делінген министрлік хабарламасында.

Бұдан басқа Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) Дүниежүзілік Банктің сарапшыларымен бірлесіп ең төменгі жалақы мөлшерін айқындау әдістемесін әзірледі, оған сәйкес ЕТЖ мөлшері медианалық жалақы мен еңбек өнімділігіне қарай айқындалады.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: