Жаңалықтар тізбегі
0

Діни тұрғыда инвестициялауға қатысты қандай шектеулер бар

Инвестиция, шариғат, қор нарығы, христиан діні, ислам діні, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2023 11:53 Сурет: pixabay
Қазақстандықтардың 10%-ға жуығы қор нарығына инвестиция салады. 2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда 2 030 000 брокерлік шот ашылды. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш шамамен 5 есе аз болған.

Елдегі инвестицияларға деген қызығушылықтың артуы "ҚазМұнайГаздың" танымал IPO-сымен, онлайн брокерлік шот ашу мүмкіндігінің пайда болуымен, сондай-ақ омнибус-шоттардың (бір емес, бірден бірнеше инвестордың активтерін қамтитын) іске қосылуымен байланысты.

Дегенмен, көптеген азаматтар бұл саланы жете білмегендіктен, инвестиция салуға қандай да бір қорқынышпен қарайды. Біреулер ол үшін қаржылық жағдайы жеткіліксіз деп санаса, енді бірі неден бастау керектігін білмейді. Қаражатынан айырылып қалуға қорқатындар да бар. Ал кейбір адамдар діни ұстанымдарына байланысты қандай да бір салаға инвестиция салудың дұрыс немесе бұрыстығын білмейді. Жалпы, дін тұрғысынан инвестицияға қатысты тыйымдар немесе шектеулер бар ма? Осы мәселені анықтап көруге тырыстық.

Исламдағы инвестициялар

Шариғат бойынша халал инвестициялау деген ұғым бар. Оған сәйкес мұсылмандар қор нарығында сауда жасай алады, бірақ белгілі бір ережелерді сақтаулары қажет.

Мәселен, пайыздық төлемдері бар қарыз құралдарын инвестициялауға тыйым салынған. Демек, мұсылмандар үшін облигация сияқты құралдармен жұмыс істеуге болмайды. Себебі, инвестор облигацияларды сатып алғанда, компанияға белгіленген пайызбен қарыз береді. Бұл шариғат ережелерімен тыйым салынған өсімқорлық.

Осылайша, негізгі кірісі қарыздың пайызымен байланысты компанияларға инвестиция салуға болмайды. Негізінен мұндай компанияларға банктер жатады.

Исламдық инвесторлардың ең танымал құралдарының бірі – акцияларға инвестициялау. Акцияларды сатып алу арқылы адам компанияның ортақ иесі болады. Бірақ, бұл жерде де компанияның не істейтінін және табысы қайдан келетінін анықтап алған жөн.

Сонымен қатар, алкоголь мен темекі өнімдерін өндіру және сатудың, қару-жарақ пен есірткі саудасының, қаржы институттарының, ойын бизнесінің, шошқа өнімдерін өндіру және ересектерге арналған ойын-сауық индустриясының да ислам ережелеріне сәйкес келмейтіні анық. Сондай-ақ қонақтарға исламда тыйым салынған демалыс түрлері ұсынылуы мүмкін қонақ үй бизнесі де күмәнді.

Аталған шектеулерден кейін, исламдық инвесторлар тек экзотикалық кәсіпорындарға ғана ақша салуы керек деген ой қалыптасуы мүмкін. Шын мәнінде, діни индекстердің құрамында жалпыға белгілі әлемдік брендтер де бар.

Егер мұсылман инвесторлар компаниялардың көрсеткіштерін зерттеуге, қаржылық аналитиканы оқып, өз бетінше шешім қабылдауға дайын болса, онда оларға екі негізгі құрал көмектесе алады: ETF және акциялар.

ETF аббревиатурасы exchange traded fund (биржада саудаланатын қор) дегенді білдіреді. Бұл бір акцияға емес, инвесторларға ыңғайлы болу үшін бірыңғай бір қор – ETF-ге жиналған көптеген акциялардың шағын үлестеріне ақша салуға мүмкіндік беретін құрал.

Исламдық ETF-ге шариғат ережелеріне сәйкес келетін компаниялар кіреді. Әдетте, бұл қорлар діни ережелерге сәйкес келмейтін компанияларды қоспағанда, әлемге әйгілі биржалық сауда қорларын қайталайды.

SP Funds S&P 500 Shariah Industry Exclusions ETF (SPUS) қоры – құрамынан халал емес брендтерді алып тастаған S&P 500 қоры. Оның құрамында индекстегі 500 компанияның ішінен 200-ге жуық кәсіпорын ғана қалады.

S&P500 қорының рұқсат етілген компаниялары қатарына Apple, Microsoft, Nvidia, Tesla, Johnson & Johnson, Procter & Gamble, Exxon Mobil, Visa, Chevron кіреді. Alphabet және Meta күмәнді саналады. "Халал емес" деп белгіленген тізімге Berkshire Hathaway, JPMorgan Chase, Bank of America, Goldman Sachs және басқалары кіреді.

Сондай-ақ басқа халал ETF-ге Wahed FTSE USA Shariah ETF (HLAL), Wahed Dow Jones Islamic Wrld (UMMA), Sp funds Dow Jones Global Sukuk ETF (SPSK) және басқалары кіреді.

Ислам ережелеріне сәйкес индекстік салымдар әдетте нәтижемен емес, тәсілдермен ерекшеленеді. Алайда, барлық дерлік қорлар басқару үшін жоғары комиссия алады. Бұл олардың компанияларды шариғат ережелеріне сәйкестігін үнемі тексеріп, оған қосымша күш жұмсауымен байланысты болуы мүмкін.

Акциялар сатып алуға келетін болсақ, рұқсат етілген компаниялар тізімін исламдық ETF арқылы анықтауға болады. Сондай-ақ muslimxchange.com сайты немесе Zoya халал инвестиция қосымшасы сияқты арнайы қызметтер көмектесе алады. Екеуі де тегін, бірақ тіркеуді қажет етеді.

Христиандық инвестициялар

Христиандық та, ислам сияқты өсімқорлықты айыптайды. Алайда, православиелік діни қызметкер Алексей Кнутов қазіргі заманғы қаржы ұйымдары мен ежелгі өсімқорлықтың әртүрлі құбылыстар екенін жеткізді. Айтуынша, өсім алушының жүргізетін несие операциялары жүйеге айналғаннан кейін ол өсім алушы болуды тоқтатады. Православие шіркеуі пайыздардың өзіне емес, әділетсіз баюға тыйым салады: басқаның қайғысынан пайда табуға болмайды.

Осылайша, православие облигацияларды (борыштық бағалы қағаздарды) сатып алуға тыйым салмайды, өйткені іс жүзінде бұл бизнесті немесе мемлекетті қолдау болып табылады, ал қаржы операциясы қолайлы нәтижемен аяқталса, қарыз алушы да, несие беруші де риза болады.

Егер православиелік инвестордың бизнесті өз бетінше зерттеуге және бағалауға тәжірибесі немесе уақыты болмаса, онда христиандық ETF бұған көмектесе алады.

Inspire 100 ETF (BIBL) – қордың құрамына, ServiceNow бағдарламалық жасақтамасын әзірлеуші кіреді. 2000-шы жылдардағы алаяқтық айыптаулардан кейін фирманың негізін қалаушылар позициясын өзгертіп, кәсіпорынды жандандырды. Сондай-ақ бұл ETF-дің ең үлкен үлесін Prologic жылжымайтын мүлік инвестициялық қоры және intuitive Surgical инновациялық операциялары үшін робот жасаушы алады.

Жалпы, қай компанияға инвестиция салуды әлеуметтік жауапты инвестициялауға арналған тізімдерде (Socially Responsible Investing) таңдауға болады. Бұл бизнестің экологиялық жағдайына, адалдығына, ашықтығына арналған жалпы әлемдік тренд. Әлеуметтік жауапты инвесторлардың критерийлері православиелік критерийлерден тек кейбір жағдайларда, мысалы, түсік жасатуға және бір жынысты некеге байланысты мәселелерде ерекшеленеді.

Бүкіл әлемде адамдар қаржылық еркіндік пен алаңсыз зейнеткерлікті қамтамасыз ету үшін инвестицияға жүгінеді. Жеткілікті білімсіз қор нарығына шығу өте қауіпті. Дегенмен, қаржыңызды қалай дұрыс басқаруға болатыны туралы көбірек ізденіп, өзіңіз үшін жаңа дүниелер ашу артық болмайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: