Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлттық банк Қазақстан халқына үндеу жолдады

Ұлттық банк Қазақстан халқына үндеу жолдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2023 12:33 Сурет: Zakon.kz
ҚР Ұлттық банкі (ҚҰБ) ескі банкноттар мен бүлінген монеталарды айырбастау ережесін еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) тозған банкноталар мен зақымдалған монеталар заңды төлем құралы болып қала беретінін ескертеді. Оларды екінші деңгейлі барлық банкте (бұдан әрі – ЕДБ), ҚҰБ филиалдарында және ұлттық пошта операторы "Қазпошта" АҚ-да номиналды құнына сай айырбастауға болады", - делінген хабарламада.

Ұлттық валютаның зақымдалған төлем ақша белгілері ҚҰБ филиалдарында тегін айырбасталады және сомасына шектеу қойылмайды.


"Дегенмен екінші деңгейлі банктер өздерінің ішкі нормативтік құжатына сай, қызметтің бұл түріне комиссия ұстауға құқылы екенін ескертеміз".Ұлттық банк

ҚҰБ филиалдарының мекен-жайы мен байланыс деректерін ресми сайтта "Аумақтық филиалдар" бөлімінен табуға болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: