29 қыркүйектегі саудада доллар тағы арзандады
Сурет: pixabay
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 2,22 теңгеге төмендеп, 47 454 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Юаньмен сауда болған жоқ. Кешегі саудада қытай юанінің орташа сараланған бағамы 65,88 теңге болды.
Еуро бағамын Ұлттық банк 503,22 теңге, рубльді 4,92 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 473,5-476,5 теңге, еуро 497,5-502,5 теңге, ресей рублі 4,77-4,97 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ал 29 қыркүйектегі саудада әлемдік мұнай бағасы түсті.
ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстерінің құны 0,14%-ға төмендеп, барреліне 92,97 доллар болды.
NYMEX электронды саудасында WTI мұнайының қарашадағы фьючерстері 0,01%-ға төмендеп, барреліне 91,70 доллар болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript