Демалыс күндеріне белгіленген валюта бағамдары

Теңге, доллар, еуро, рубль, юань, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2023 17:46 Сурет: pexels
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,70 теңгеге төмендеп, 474,99 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Керісінше, еуроның орташа сараланған бағамы көтеріліп, 503,86 теңге (+2,90) болды.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,89 теңгеге дейін төмендеді.

Қытайдағы мереке күндеріне байланысты юаньмен сауда болған жоқ. Кешегі саудада қытай юанінің орташа сараланған бағамы 65,88 теңге болды.

Ақша айырбастау орындарында доллар 475,1-477,9 теңге, еуро 502,5-506,5 теңге, ресей рублі 4,81-5,01 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: