Жамаубаев: Заңсыз тәркіленген активтердің сатылымына қатысты ақпарат ашық болады
Сурет: Zakon.kz
ҚР премьер-министрінің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мәжіліс кулауарында "Қазақстанға заңсыз қайтарылған активтердің сатылымы жөніндегі мәліметтер жұршылыққа ашық бола ма?" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Қаржы министрінің айтуынша, елден заңсыз шығарылған және елге қайтарылған активтерді сатудың белгілі бір тәртібі бар.
"Олар не конкурс арқылы, не портал арқылы көрсетіледі, не сенімгерлік басқаруға беріледі. Мұның бәрі, әрине, ашық болады". Ерұлан Жамаубаев
Осы орайда журналистер мұндай активтер бойынша тізілім жабық болатынын еске салды.
Министрдің сөзінше, активтердің сатылымы туралы деректерді ашу-ашпауды арнайы комиссия шешеді.
"Кез келген адам, былайша айтқанда, заңгер емес, тіпті комиссияның мүшесі де емес. Сондықтан бұл ақпарат дұрыс түсіндіріліп, таратылуы керек немесе жалпыға ортақ ақпарат Бас прокуратурадан өтуі керек. Сондықтан бұл ақпараттың қаншалықты таратуға болатынын, оның қаншалықты тергеу құпиясы жатаныны және т.б. түсініктеме беретін ресми комитет құрылып жатыр".Ерұлан Жамаубаев
Ерұлан Жамаубаев жұртшылық кез келген жағдайда қажет ақпаратты ала алады деп сендірді.
Бұған қоса Ерұлан Жамаубаев кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың тәркіленген мүлкіне қатысты сұраққа жауап берді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript