Біліктілікті арттыру курстарынан өткен қызметкерге қанша жалақы төленеді
Сурет: Zakon.kz
Қызметкер жұмыстан тыс уақытта біліктілігін арттыру курстарынан өтіп жатыр. Жұмыста болмаған күндеріне қанша ақша төленеді, жалақы сақтала ма? Бұл сұраққа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Еңбек министрлігі Еңбек кодексіне сәйкес, қызметкерді басқа жерге оқуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберу іссапар ретінде саналатынын атап өтті.
Іссапарларға жіберілетін жұмыскерлерге:
- іссапарда болған күнтізбелік күндері үшін, оның ішінде жолдағы уақыты үшін тәуліктік төлемдер;
- баратын жеріне дейінгі және кері қайтқандағы жол жүру шығыстары;
- тұрғын үй-жайды жалға алу шығыстары төленеді.
Бұған қоса іссапар уақытында жұмыскердің жұмыс орны (лауазымы) мен іссапар күндеріне келетін жұмыс күндері үшін жалақысы сақталады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript