Жаңалықтар тізбегі
0

"Қазақстанның инвестициялық қорына" тиесілі 63 миллиард теңгеге тең акция мемлекетке қайтарылды

 "Қазақстанның инвестициялық қоры", Бәйтерек, заңсыз алынған актив, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2023 15:55 Сурет: Zakon.kz
ҚР ҚМА "Бәйтерек" "ҰБХ" АҚ меншігіне құны 63,3 млрд теңге болатын "Қазақстанның инвестициялық қорының" 100% акциясын қайтару қамтамасыз етілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу басталған кезде Қордың Қазақстанның даму банкі алдында 18,7 млрд теңге көлемінде борышы болған.

"Агенттік қабылдаған шаралармен, соның ішінде қолма-қол ақшамен өтеу есебінен берешек үш есеге төмендетілді. Сонымен қатар 12 еншілес компания Қордың бақылауына қайтарылды. Бұл металл конструкцияларын, жол және құрылыс битумын шығару, шиналарды және ірі қара малдың терісін қайта өңдеу, қағаз-картон өнімдері, желімделген ағаш конструкциялар, бағыттамалы бұрмаларды шығару зауыттары және полиграфия".ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Ведомствоның хабарлауынша, ҚИҚ балансына Алматы қаласындағы бизнес-орталықтың ғимараты және Алматы облысындағы құны 1,6 млрд теңгеден асатын жер учаскелері қайтарылды.

"Dosjan Temir Joly АҚ жылына небәрі 100 млн теңгеге 10 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға беру туралы шарт жойылды. Кәсіпорынның 2022 жылдың қорытындысы бойынша таза пайдасы 1,3 млрд теңгені құрағанымен, бастапқы бағалау кезінде бұл ескерілмеген".ҚР ҚМА баспасөз қызметі

ҚР ҚМА 2023 жылғы 17 қазан күні Қайрат Боранбаев мемлекетке 66 миллион доллардан астам қаржыны қайтарғанын хабарлады.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: