Байлық салығы қымбат мүлікті Қазақстанға әкелгенде салынады
Сурет: unsplash
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров сенатта өткен жиында байлық салығы негізінен импортталатын қымбат мүлікке әсер ететінін айтты. Ол Қазақстанға әкелген кезде жиналады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министр байлық салығы негізінен қымбат көліктерге, жеке меншіктегі ұшақтарға, қымбат жылжымайтын мүлікке қатысты болатынын еске салды.
"Қымбат алкоголь мен темекі өнімдеріне құнының 10% мөлшерінде акциз енгізу ұсынылады. Яхталар мен жеке ұшақтарға салық ставкаларын арттыру ұсынылады. Егер барлық коммерциялық объектінің жалпы құны 130 мың АЕК шегінен асса, онда жоғары салық ставкаларын белгілеу ұсынылады".Әлібек Қуантыров
Сонымен қатар қымбат жылжымайтын мүлікке "люкс коэффициентін" белгілеу бойынша жергілікті атқарушы органдардың құзыретін белгілеу ұсынылады.
"Байлық салығы негізінен импортталатын мүліктің қымбат түрлерін тұтынуға қатысты. Салық оларды тіркеу кезінде, Қазақстан аумағына әкелген кезде өседі".Әлібек Қуантыров
Қыркүйек айында министр премиум алкогольге де салық салынатынын айтты.
Қазақстанда 2024 жылдан бастап байлық салығын енгізу жоспарланып отыр. Қазір департамент сәнді тауарларға салық салуды күшейтумен айналысып жатыр. Әңгіме бөлек, бірыңғай салық туралы емес. Бұл акциздер мен мүлік салығы арқылы тауарлардың жекелеген санаттарына қосымша салық салу болады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript