Қазақстанда жүргізушілерге жазғы дөңгелекпен жүргені үшін айыппұл қашан салынады

Қазақстанда жүргізушілерге жазғы доңғалақтар үшін айыппұл қашан салынады, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2023 12:15 Сурет: pixabay
Алматы қалалық Полиция департаменті ресми өкілі Салтанат Әзірбек 13 қарашада өткен брифингіде көлік иелеріне жазғы дөңгелек үшін айыппұл қашан салына бастайтынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Салтанат Әзірбектің айтуынша, 1 желтоқсанға дейін барлық көлік иесі көлігін қысқа дайындауы керек.

"Заңға сай, 1 желтоқсан мен 1 наурыз аралығында көлік жүргізушілері көліктерінің қысқы доңғалақтарының болуын қадағалап отыруға тиіс. Олай болмаса, полиция қызметкерлері көлікті тоқтатып, бұзушылықтар жойылғанға дейін мемлекеттік нөмірді алып қоюға құқылы", - деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі.

Ол ең төменгі айыппұл мөлшері 5 АЕК (17 250 теңге) болатынын айтты. Жүргізуші бір жылда қайталап тәртіп бұзса, айыппұл 10 АЕК (34 500 теңге) болады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: