Демалыс күндеріне белгіленген валюта бағамдары

Теңге, доллар, еуро, рубль, юань, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2023 17:39 Сурет: unsplash
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, сағат 17:00-дегі жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,26 теңгеге қымбаттап, 462,79 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еуроның орташа сараланған бағамы 502,30 теңге (-3,09) болды.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,19 теңгеге дейін өсті.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да көтеріліп, 63,96 теңге (+0,46) болды.

Ақша айырбастау орындарында доллар 463,5-466,7 теңге, еуро 498-505 теңге, ресей рублі 5,12-5,30 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: