Жаңалықтар тізбегі
0

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушілер қызметкерлердің міндетті зейнетақы жарналарын қалай аударады

БЖЗҚ, Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары Сурет: Zakon.kz
БЖЗҚ 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыстағы жинақтаушы жүйе жаңа шартты –жинақтаушы құрамдауыш – жұмыс берушінің зейнетақы жарналарымен (ЖМЗЖ) толықтырылатынын еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ЖМЗЖ агенттің, өзге де ақылы жұмысы бар адамдардың өз қаражаты есебінен 1975 жылғы 1 қаңтардан кейін туған жұмыскерлер үшін ғана аударылады.

ЖМЗЖ шамасы ЖМЗЖ есептеу үшін қабылданатын қызметкердің ай сайынғы табысынан белгіленеді:

  • 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 1,5 пайыз мөлшерінде;
  • 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 2,5 пайыз мөлшерінде;
  • 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 3,5 пайыз мөлшерінде;
  • 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 4,5 пайыз мөлшерінде;
  • 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 5 пайыз мөлшерінде.

Бұл ретте қызметкердің ЖМЗЖ есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табысы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының мөлшерінен кем болмауы және республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс.

ЖМЗЖ-ны ҚР Әлеуметтік кодексінің 251-бабында көрсетілген бірыңғай төлем құрамында төлеуді таңдаған салық агенттері үшін жұмыскердің жалақысынан бірыңғай төлем мөлшерлемесіндегі ЖМЗЖ үлесі:

  • 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 7 пайыз;
  • 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 10,5 пайыз;
  • 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 14,1 пайыз;
  • 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 17,4 пайыз;
  • 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 19,0 пайыз болмақ.

Агент жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) аударуды қолма-қол ақшасыз төлемдер арқылы жүргізеді.

Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда  шоттары жоқ, ЖК, ДК-мен айналысатын тұлғалар, ЖМЗЖ-ны кейіннен БЖЗҚ-ға аудару үшін банкке қолма-қол ақшамен енгізеді. Ұсталған  ЖМЗЖ Мемлекеттік корпорацияға мына деректемелер бойынша аударылады.   

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: