Атырау облысында екі ірі жер қойнауын пайдаланушыға 11 миллиард теңгеге жуық айыппұл салынды
Сурет: Zakon.kz
Атырауда прокурорлар қазынаны 10,7 млрд теңгемен толықтырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атырау облысының прокуратурасы табиғатты пайдалану субъектілерінің экологиялық заңнама талаптарының сақталуыy талдады. Талдау барысында парниктік газдар квотасынан асып кету, эмиссияны экологиялық рұқсатсыз жүзеге асыру, рұқсат етілген шығарындылар нормаларынан асып кету және жердің ластану фактілері анықталды.
"Енгізілген прокурорлық қадағалау актілерінің нәтижеcінде "Karabatan Utility Solutions" ЖШС және "Теңізшевройл" ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Прокуратураның уақытылы қабылдаған шараларының нәтижесінде аталған компанияларды сот кінәлі деп таныды". Атырау облысының прокуратурасы
Өндіріп алынған айыппұл мөлшері – 10,7 млрд теңге.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript