Мемлекеттік кірістер комитеті манызды үндеу жасады
Сурет: unsplash
Салық төлеушілер Мемлекеттік кірістер комитетіне камералық бақылау аясында заң бұзушылықтардың бар-жоғы туралы хабарламалардың таратылып жатқаны туралы шағыммен жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған хабарламалар салық төлеушілердің электронды мекенжайларына жіберілді.
Мемлекеттік кірістер комитеті атап өткендей, камералық бақылау туралы хабарламалар салық төлеушілерге жеке қол қою арқылы немесе салық төлеушінің электронды шотына хабарлама арқылы жеткізіледі. Мұндай хабарландыруларды электронды пошта арқылы жіберу мүмкін емес.
"Сәйкесінше, Мемлекеттік кірістер комитетінің салық төлеушілердің электронды пошталарына жіберілген хабарламаға ешқандай қатысы жоқ", - деп атап өтті комитет.
Азаматтарға салық төлеушінің жеке кабинетінде салықтық міндеттемелердің бар-жоғы туралы ақпаратты қарау ұсынылды.
Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚҚС өтемақысының енгізілгені туралы ақпаратты жалған деп атаған еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript