Әсет Тұрысов қаржы вице-министрі болып тағайындалды

Әсет Тұрысов, қаржы вице-министрі , сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2024 19:02 Сурет: primeminister.kz
ҚР Үкіметінің қаулысымен Әсет Нұрланұлы Тұрысов бұрынғы қызметінен босатылып, қаржы вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлайды.

Әсет Тұрысов 1987 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2009 жылы "Қазақтелеком" АҚ-да бастаған.

2010-2011 жылдары –  "Қазақтелеком" АҚ-да электрлік байланыс инженері.

2011-2012 жылдары – ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі "Электрондық үкіметті" дамыту және қорғау басқармасы сарапшысының міндетін атқарушы.

2012-2014 жылдары – ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Ақпараттандырудың жаңа моделін қалыптастыру және жобалық құжаттаманы талдау басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы.

2014 жылы – "Халыққа қызмет көрсету орталығы" РМК басқарушы директоры

2014-2017 жылдары "Қазпошта" АҚ құрылымында қызмет етті.

2018-2021 жылдары – "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы

2021 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: