Жаңалықтар тізбегі
0

S&P агенттігі Қазақстанның бес банкі бойынша болжамдарын қайта жариялады

S&P, халықаралық рейтинг агенттігі, Қазақстан, бес банкі, болжам, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.03.2024 20:17 Сурет: freepik
S & P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі активтерінің сапасының жақсаруына және реттеуші қадағалаушы талаптарына сай болуына байланысты Қазақстанның бес банкі бойынша болжамдарын қайта қарастырып, жаңғыртты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Хабарламада Қазақстанның банк секторы соңғы жылдарғы өңірдегі геосаяси тәуекелдердің шиеленісуі аясында макроэкономикалық сын-тегеуріндерге өте жақсы төтеп беріп, тұрақтылық танытқаны атап көрсетіледі.


"Активтер сапасының көрсеткіштері мен жүйенің қаржылық көрсеткіштері біздің күткен жағдайдан әлдеқайда жақсы болып шықты. Сонымен қатар, біз қаржылық бақылаудың біртіндеп күшейтіліп жатқанын байқап отырмыз. Біздің ойымызша, реттеуші орган 2019 жылғы активтер сапасының дағдарысы сияқты бастан өткен жағдайдан сабақ алып, түйген ойға сүйене отырып, жағдайды түзету шараларын қабылдаған. Сондықтан біз Қазақстан үшін банк саласының (BICRA) мемлекет бойынша тәуекелдерін бағалауда бағаны "Позитивті" деп жақсарттық", делінген хабарламада.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: